Ересектерге арналған диагностика
Диагностикалық тексерудің сапасы таңдалған клиниканың техникалық жабдықталу деңгейіне байланысты. Біздің барлық клиникаларымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Тексерудің стандартты құрамына кіреді:
- Рефрактометрия – минус, плюс, астигматизмді өлшеу.
- Визометрия – көру өткірлігін анықтау.
- Тонометрия – көз ішілік қысымды өлшеу.
- Периметрия – көру өрісін зерттеу.
- Биомикроскопия – көздің алдыңғы бөлігін саңылаулы шаммен тексеру әдісі.
- Офтальмоскопия – көз түбін (тор қабық пен көру нервісін) тексеру.
- OCT – оптикалық когеренттік томография (тор қабық пен көру нервісін зерттеу).
- Көз УДЗ – көз ішкі құрылымдары мен көз шарасы тіндерінің жай-күйін бағалауға арналған қосымша зерттеу әдісі.
- Биометрия – көз алмасының параметрлерін өлшеу.
- Қасаң қабықтың топографиясы
- Пахиметрия – қасаң қабықтың қалыңдығын өлшеу.
- ЭФИ (ЗВП, ЭРГ) – тор қабықтың сыртқы және ішкі қабаттарының, сондай-ақ көру нервісінің өткізгіштігінің жай-күйін анықтау.
Неліктен толық диагностика үшін бізге жүгінген дұрыс?
ASTANA VISION – бұл дәлелді медицина қағидаттары бойынша жұмыс істейтін жоғары білікті дәрігерлер командасы. Клиника қызметкерлері өзінің жұмыс істеген кезеңінде 1 000 000-нан астам офтальмологиялық тексеру жүргізді.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
Жабдықтар
Біздің офтальмологтар.
Қызметтің құны
-
Алғашқы тексеру офтальмолог дәрігерінде 18.000
(ересектер үшін)
-
Офтальмолог дәрігерінде тексеру 13.000
(зейнеткерлер үшін)
-
Офтальмолог дәрігерінде тексеру 10.000
(жеңілдетілген категориялар үшін)
• Бұрын жоспарланған операция алдында алдын ала тексеру тегін жүргізіледі;
• Бағаға мыналар кіреді: операцияға дайындық, операцияны өткізу, ауырсынуды басу, бір реттік шығыс материалдары.