Білімі:
2018 ж. – «Семей медицина университеті» КеАҚ базасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр;
2020 ж. – «Семей медицина университеті» КеАҚ базасында «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура;
2023 ж. – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында «Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша резидентура.
Еңбек қызметі:
2019–2020 жж. – Павлодар қ. «Ретина Норма Көз Клиникасы» ЖШС жеке клиникасының базасында интернатура.
2020–2023 жж. – «ASTANA VISION Pavlodar» ЖШС жеке клиникасының базасында көшпелі резидентура.
2023 жыл – қазіргі уақытқа дейін – «ASTANA VISION Pavlodar» дәрігер-офтальмологы.
Қызметі:
Консультациялық қабылдау жүргізеді
Амбулаториялық оталар
Кәсіби дамуы туралы:
2020 жыл – ҚР ДМ Семей медицина университеті ШЖҚ РМК Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Дәрігер-хирург» біліктілігін беру.
2023 жыл – «Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға және клиникалық практикаға жіберу (емделушілермен жұмыс) үшін маман сертификаты.
2023 жыл – «Жүрек-өкпе реанимациясының негіздері (BLS)» семинарына қатысу.
2023 жыл – «Офтальмология (ересектер)» мамандығы бойынша «Офтальмологиядағы лазерлік технологиялар» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру.
2023 жыл – «Офтальмология» мамандығы бойынша «Ересектер мен балаларда катарактаны ИОЛ имплантациясымен факоэмульсификациялау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру.
2023 жыл – Алматы қ., Қазақ көз аурулары ҒЗИ-да «Витреоретиналдық хирургия. Неоваскуляризациямен қатар жүретін көру мүшесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, 60 сағат.
2024 жыл – «Офтальмология (ересектер)» мамандығы бойынша «Қасаң қабық патологиясын хирургиялық емдеу. Кератопластика» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру.
2024 жыл – «Офтальмологиядағы ультрадыбыстық зерттеулер. Көздің оптикалық когеренттік томографиясы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру.
2024 жыл – «Қазақ көз аурулары ҒЗИ» ЖШС-нің «Неоваскуляризациямен қатар жүретін көру мүшесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері» курсына қатысу.
2025 жыл – Santen Horizon: «Білім, тәжірибе және инновация арқылы офтальмохирургияда жаңа көкжиектерді ашу» атты Халықаралық офтальмохирургия конгресіне қатысу сертификаты.