Білімі:
- 2012 ж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің (ҚарММУ) базасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді.
- 2014 ж. – ҚарММУ интернатурасын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша аяқтағаны туралы куәлік, «дәрігер-хирург» біліктілігі берілді.
- 2017 ж. – ҚарММУ «Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша резидентураны аяқтағаны туралы куәлік.
Қызметі:
- Консультациялық қабылдау жүргізеді
- Торқабықты лазеркоагуляциялау
Кәсіби даму туралы:
- 2017 жыл – «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу (пациенттермен жұмыс) үшін маман сертификаты.
- 2019 жыл – «Көз аурулары ҚазҒЗИ» ЖШС-нде «Офтальмология» мамандығы бойынша «Ересектер мен балаларда катарактаны ИОЛ имплантациясымен факоэмульсификациялау» циклы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
- 2019 жыл – Павлодар қаласында «Офтальмология» мамандығы бойынша «Торқабықты лазерлік емдеу» циклы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
- 2019 жыл – #3 Alcon TECHNOLOGY SUMMIT #SeeBriliantly саммитінің қатысушысы, Астана қаласы.
- 2020 жыл – «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-нің Павлодар облыстық филиалында «Офтальмология (ересектер)» мамандығы бойынша «Офтальмологиядағы лазерлік технологиялар» циклы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
- 2021 жыл – Глаукоматологтардың EGS Қауымдастығының мүшесі.
- 2021 жыл – «International Phaco Development Cyber Symposium» қатысушысы.
- 2023 жыл – «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу (пациенттермен жұмыс) үшін маман сертификаты.
- 2023 жыл – «Факохирургияны қалай ерте және қауіпсіз меңгеруге болады», «Құрғақ көз синдромының клиникалық ерекшеліктері мен диагностикасы» мастер-кластарының қатысушысы. Ташкент қаласы, «Көз микрохирургиясы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығы», «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты».
- 2023 жыл – «Алкон Фармацевтика» ЖШҚ ұйымдастырған жабдықтармен жұмыс істеу бойынша WaveLight Level I курсынан өту.
- 2023 жыл – Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттар қоғамдық бірлестігі берген «Ұлттық аккредиттеу жүйесі және аккредиттеу стандарттары» тақырыбы бойынша №А1619 сертификаты, Астана қаласы.
- 2023 жыл – «Жаңадан бастаған хирургтар кездесетін әдеттегі проблемалар. Глаукоманы емдеу: офтальмохирургтың көзқарасы» мастер-класына қатысу, Алматы қаласы, Көз аурулары ҚазҒЗИ.
- 2024 жыл – «Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша «Қасаң қабық патологиясын хирургиялық емдеу. Кератопластика» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, «ҚМУ» КеАҚ, №2 куәлік.
- 2024 жыл – «Офтальмологиядағы ультрадыбыстық зерттеулер. Көздің оптикалық когеренттік томографиясы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, «ҚМУ» КеАҚ.
- 2024 жыл – Ресей Федерациясы, Самара қаласы, «Медициналық академия» ЖШС-нің «Офтальмологияның қазіргі аспектілері» курсына қатысу.
- 2024 жыл – Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттар қоғамдық бірлестігінен «Ұлттық аккредиттеу жүйесі және аккредиттеу стандарттары» тақырыбы бойынша сертификат алынды.
- 2024 жыл – Катаракталық және рефракциялық хирургтардың Еуропалық қоғамының 42-ші Конгресіне қатысу, Барселона қаласы.
- 2024 жыл – «Қазақстан офтальмологтар қоғамы» РҚБ ұйымдастырған «Көз алмасының алдыңғы беті мен қасаң қабық патологиясы бойынша сараптамалық консультация» саммиті мен конференциясына қатысу, Алматы қаласы.
- 2025 жыл – Қазақстан офтальмологтар қоғамының Павлодар облыстық филиалының отырысы аясында Қазақстан Көз аурулары ҒЗИ ұйымдастырған семинарға қатысу.
- 2025 жыл – «Эндокриндік офтальмопатия» семинарына қатысу, Семей қаласының Медицина университеті.
- 2025 жыл – «Көздің аллергиялық ауруларын қазіргі заманғы кешенді фармакотерапиясы» семинарына қатысу, Семей қаласының Медицина университеті.
- 2025 жыл – «Қасаң қабықтың бастапқы дистрофияларын диагностикалаудың қазіргі аспектілері» семинарына қатысу, Семей қаласының Медицина университеті.
- 2025 жыл – Қазақстан офтальмологтар қоғамының мүшесі (мүшелік куәлігі бар).
Еңбек қызметі:
- 2017 ж. – ҚарММУ резидентурасында Қарағанды қаласындағы «Көз микрохирургиясы орталығы» және «Глазолик» Жоғары технологиялық көз клиникаларының базасында оқу.
- 2019 ж. – Жезқазған қаласындағы «MD VISION» клиникасының меңгерушісі және дәрігер-офтальмологы.
- 2019 ж. – Павлодар қаласындағы «ASTANA VISION PAVLODAR» клиникасында дәрігер-офтальмолог.
- 2022 ж. – Павлодар қаласындағы клиниканың Медициналық директоры.