Білімі:
2009 ж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде (ҚарММУ) “Педиатрия” мамандығы бойынша оқып, 2009 жылы дәрігер біліктілігі берілді.
2010 ж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде (ҚарММУ) “Педиатрия” мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, 2010 жылы дәрігер-педиатр біліктілігі берілді.
Қызметі:
Катаракта хирургиясы
Кәсіби дамуы туралы:
2010 жыл – Қарағанды қаласындағы Көз микрохирургиясы орталығына (КМО) жұмысқа қабылданып, Павлодар қаласындағы “Retina Norma көз клиникасына” ауысқанға дейін 7 жыл жұмыс істеді.
2011 жыл – “Офтальмология (ересектер, балалар)” медициналық мамандығы бойынша қайта даярлаудан өту.
2011 жыл – Офтальмология мамандығы бойынша, “Көз микрохирургиясы” циклы бойынша біліктілікті арттыру.
2011 жыл – Алматы қаласындағы “Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының” базасында “Катарактаны ИОЛ имплантациясымен факоэмульсификациялау” циклы бойынша оқу.
2011 жыл – Офтальмология бойынша III Орталық Азия конференциясының қатысушысы. Ыстықкөл, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
2011 жыл – Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Торқабық және шынытәрізді дене хирургиясы бойынша 91-ші оқыту курсының (91 Teaching Course on Retinal and Vitreous Surgery) қатысушысы.
2012 жыл – Академик С.Н. Федоров атындағы “Көз микрохирургиясы ғылыми-техникалық кешенінде” (МНТК) “Витреоретиналдық хирургия” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, Санкт-Петербург қаласы.
2012 жыл – “WETLAB” оқу орталығында “Витреоретиналдық хирургия” бойынша оқу. Ресей Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты С.Н. Федоров атындағы ФМБК “КМ” “МНТК”-ның Санкт-Петербург филиалы.
2012 жыл – “Катарактаны емдеудің заманауи әдістері” тақырыбы бойынша оқу, Қарағанды қаласы.
2013 жыл – Катаракталық және рефракциялық хирургтардың Еуропалық қоғамының 31-ші Конгресінің қатысушысы. Нидерланды, Амстердам.
2013 жыл – “Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар” конференциясының қатысушысы. Қарағанды медицина университеті.
2013 жыл – “Балалар офтальмологы мектебінің” жұмысына қатысу, тақырыбы: “Миопиямен және аккомодация спазмымен ересектер мен балаларды кешенді оңалту”.
2013 жыл – “Эндокриндік офтальмопатия. Танаканның оптикалық нейропатия кезіндегі тиімділігі” атты практикалық білім беру семинарының қатысушысы. ҚР ДМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ.
2014 жыл – “Глаукоманы емдеудің заманауи әдістері” семинарының қатысушысы. Қарағанды қаласы.
2015 жыл – “Офтальмологиядағы озық әлемдік технологиялар – Қазақстан халқына” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы. Қарағанды, Көз микрохирургиясы орталығы.
2015 жыл – “Глаукоманы емдеудің заманауи тәсілдері” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қарағанды медицина университеті.
2015 жыл – “Витреоретиналдық патологияны емдеудің заманауи технологиялары” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қарағанды медицина университеті.
2015 жыл – Катаракталық және рефракциялық хирургтардың Еуропалық қоғамының 33-ші Конгресінің қатысушысы. Испания, Барселона.
2016 жыл – Офтальмология мамандығы бойынша бірінші санатты біліктілікті беру.
2016 жыл – “Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар” циклы бойынша біліктілікті арттыру.
2017 жыл – “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша “Көз микрохирургиясы” циклы бойынша біліктілікті арттыру.
2020 жыл – “Офтальмология (ересектер)” мамандығы бойынша “Офтальмологиядағы лазерлік технологиялар” циклы бойынша біліктілікті арттыру.
2021 жыл – “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу (пациенттермен жұмыс) үшін маман сертификаты.
2022 жыл – “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ-да “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша “Көз микрохирургиясы” циклы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
2022 жыл – “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ-да “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша “Ересектер мен балалардағы катарактаны ИОЛ имплантациясымен факоэмульсификациялау” циклы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
2022 жыл – Alcon компаниясының “ACRYSOF IQ VIVITY IOL линзалары” тақырыбы бойынша №12/22 сертификаты алынды.
2023 жыл – ШЖҚ КМК “ПМВК” ұйымдастырған “Жүрек-өкпе реанимациясының негіздері (BLS)” семинар-тренингіне қатысу, көлемі – 12 сағат.
2023 жыл – “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша “Витреоретиналдық хирургия. Көру мүшесінің неоваскуляризациямен қатар жүретін ауруларын емдеудің заманауи әдістері” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ (ҚМУ), 120 сағат, №275 куәлік.
2023 жыл – “Офтальмология (ересектер, балалар)” мамандығы бойынша “Көздің артқы бөлігінің патологиялары кезінде ангиогенез ингибиторларын қолдану” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, ҚМУ КеАҚ, 120 сағат, №359 куәлік.
2024 жыл – “Офтальмология (ересектер)” мамандығы бойынша “Қасаң қабық патологиясын хирургиялық емдеу. Кератопластика” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, ҚМУ КеАҚ, 120 сағат, №1 куәлік.
2024 жыл – “Офтальмологиядағы ультрадыбыстық зерттеулер. Көздің оптикалық когеренттік томографиясы” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру, “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ (ҚМУ), 120 сағат, №67 куәлік.